11.07.2023, 06:38
Жаңалықтар
Батыс Қазақстандағы үш ауылда дала өрті сөндірілді
Сонымен қатар, өрттің орман алқабына өту қаупі жойылды
Фото: t.me/qr_tjm
Батыс Қазақстан облысында үш ауылға қауіп төндірген өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен Теректі ауданының Жаңа өмір кентіндегі өрт толық сөндірілді және Айтиево мен Новопавловка елді мекендеріндегі өрт ауыздықталды. Сонымен қатар, өрттің орман алқабына өту қаупі жойылды. Қазіргі уақытта осы учаскелерде белсенді су төгу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.
Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО-да дала өртімен күрес жүріп жатқанын хабарлағанбыз. Жалын елді мекенге жақындап, 44 адам эвакуацияланды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы