Қаныш Төлеушин халық пен бизнестің күнделікті тұрмысын цифрландыру арқылы қалай жақсартуға болатынын айтты

Аягөз Құрмаш

Ол бұл салаға білікті мамандарды тарту қажеттігін айтты

Қаныш Төлеушин халық пен бизнестің күнделікті тұрмысын цифрландыру арқылы қалай жақсартуға болатынын айтты
Фото ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин Астананың 25 жылдығы бауырлас қалалардың мерейтойлық форумы аясында өткен сессияда цифрлық даму туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бірінші вице-министр цифрлық салада жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы айтты.

«Халық пен бизнестің күнделікті тұрмысын цифрлық шешімдер арқылы жақсарту керек. Цифрлық шешімдер қолжетімді болуы үшін дұрыс инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Сондай-ақ, талантты, даранды мамандарды даярлауымыз қажет болып отыр. Білікті мамандар болған кезде кең технологиялық компаниялар бұл салаға инвестиция құяды. Реттеу тетіктерінің ашық әрі тұрақты болуы да аса маңызды рөл ойнайды», - деді Төлеушин.

Ол атағандай, цифрлық салада қызметтерді дамытуға ерекше назар аударылады.

«Оның барлығы адамдарға қызмет етуге бағытталған. Халықтың 70 пайызы мобильдік қосымшаларды қолданады. Қызметтердің басым бөлігі смартфон арқылы жасалса, тиімді болады. Пандемия кезінде біз бұл мәселемен тікелей кездестік. Сондықтан осы бағытта нақты бағыттар бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді Қаныш Төлеушин.

Форум аясында қалаларды дамытудың өзекті мәселелері және олардың қазіргі жаһандық әлемдегі өсу мен инновацияның басты орталықтары ретіндегі рөлі талқыланып жатыр. Форумның іскерлік бағдарламасы аясында түрлі салалар бойынша 8 панельдік сессияның жұмысы жоспарланған. Форумға 1 300-ге жуық қатысушы қатысып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.