Қырғызстанда балалардың тегіне анасының атын жазуға рұқсат берілді
Бұл туралы қоғам белсендісі Алтын Қапалова хабарлады
Қырғызстанның Конституциялық сот алқасы 16 жасқа толған балалардың тегіне анасының атын таңдауға рұқсат берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы қоғам белсендісі Алтын Қапалова мәлімдеді.
Алтын Қапалова екі жарым жылдай елдің мемлекеттік органдарымен соттасып келген. Нәтижесінде ол енді кез келген ересек адам әкесінің тегінің орнына анасының тегін алуға болатын рұқсатқа қол жеткізді.
«Министрлер кабинеті даулы нормаларды тексеру кезінде анықталған құқықтық олқылықтың орнын толтыруға бағытталған қолданыстағы құқықтық реттеуге өзгерістер енгізуді тапсырды, бұл азаматтардың анасының тегін алу институтының және таңдау құқығының жоқтығынан туындайтын теңдік қағидаттарының бұзылуына және жынысы бойынша кемсітушілікке ұшырауына тыйым салады. Шешім түпкілікті болып саналады», - делінген Қырғыз Республикасының Конституциялық сотының қаулысында.
Қапалованың айтуынша, бұл ретте Конституциялық сот кәмелетке толмаған балалар үшін тегі ретінде әкесінің емес, анасының атын алуға тыйым салу туралы шешім шығарған.
Айта кетсек, Қазақстанда биылғы қаңтардың соңында ер-азаматтардың балаға алимент бойынша қарызы 14 миллиард теңгеге жеткені белгілі болды.