Ұлттық банк Астананың 25 жылдығына орай мерейтойлық монеталар шығарды
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды
Қазақстан Ұлттық банкі елорданың мерейтойына орай «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Банк мәліметінше, монеталар 2023 жылғы 3 шілдеден бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылымға шығады.
«Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясындағы ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 20 000 (жиырма мың) дана», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.