30.06.2023, 21:44
Жаңалықтар
Ақмола облысында 4 млн теңгенің алтынын ұрлаған әйел ұсталды
Тәртіп сақшылары қаскөйдің 26 алтын бұйым және 200 доллар ұрлағанын анықтады
Фото ашық дереккөзден
Ақмола облысында 4 млн теңгенің алтынын ұрлаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы хабарлаған.
Оның арызы бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Тәртіп сақшылары қаскөйдің 26 алтын бұйым және 200 доллар ұрлағанын анықтады.
Полиция барлық жергілікті ломбардтар мен ақша айырбастау пункттерін тексерді.
Нәтижесінде 35 жастағы әйел ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы