$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халыққа жартылай қызмет ету деген болмауы тиіс – Бақытжан Базарбек

Депутат халық үшін толығымен жұмыс істейтінін айтты

Халыққа жартылай қызмет ету деген болмауы тиіс – Бақытжан Базарбек
Фото: agroinfo.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Парламенттің бірінші сессиясындағы жұмысын қорытындылап, алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Каникулда демаламыз, бірақ депутаттың жаңа стереотипін қалыптастырғалы жатырмыз. Яғни, каникулдың өзінде жұмыс істейтін депутат. Мен демалмаймын. Тау-тас, ел-жерді аралап, халықпен бірге жұмыс істейміз. Жоспар бойынша Алматы қаласы, Алматы облысы және Солтүстік Қазақстан облысына барамын. Маған түрлі хат келіп жатады. Мен Алматыдан сайлансам да, Қазақстан бойынша жер мәселесін шешуге тырысып отырмын», - деді Бақытжан Базарбек.

Ол атағандай, екі ай бойы отбасымен Қазақстанда болады.

«Бірақ емделу мәселесі де тұр. Әрине, біз отандық медицинаны қолдаймыз. Бізде 30 жылда депутат халықты ойламайды деген таптаурын түсінік пайда болған. Ол байлықтың ортасында уайымсыз өмір сүреді деген түсінік бар. Біз осы таптаурын ойды асқан құлшыныспен жойғымыз келеді. Менің тағдыр қосқан әріптестерім де өте белсенді жұмыс атқарып жатыр», - деді Бақытжан Базарбек.

Депутат жер мәселесі ең негізгі мәселе екенін атап өтті.

«30 жылда ел әбден тоналып бітті. Назарбаев жүйесінде билікке сіңісіп кеткен олигархтар тонады. Мен қашанда ашық айтатын адаммын. Халыққа толық қызмет ету керек. Жартылай қызмет ету деген болмауы тиіс», - деді Базарбек.

Серіктес жаңалықтары