$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұрғын үй мен емделуге жұмсады: қазақстандықтар зейнетақы жинағынан қанша ақша алды

БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы жинақтарына қатысты мәлімет берді

Тұрғын үй мен емделуге жұмсады: қазақстандықтар зейнетақы жинағынан қанша ақша алды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсартып, ем алу үшін зейнетақы жинағынан 3,5 трлн теңге алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2021 жылғы қаңтардан бастап БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1 366 484 өтінішін орындаған.

«Отандастарымыздың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,2 трлн теңгеден астам қаржы аударды. БЖЗҚ емделуге жалпы сомасы 339,3 млрд теңге болатын 418 547 өтінішті орындады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сома шегінде шексіз рет пайдалана алады.

Серіктес жаңалықтары