20.06.2023, 14:29
Жаңалықтар
Қазақстандықтар Құрбан айт пен Астана күнінде қалай демалады
28 маусым – Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні
Фото @Kazpravda.kz
Қазақстандықтар Құрбан айтта бір күн, Астана күнінде 4 күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
28 маусым – Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні. Бұл күні, яғни сәрсенбіде ел халқы бір күн демалады.
Сондай-ақ 1 шілдедегі, яғни сенбі күнгі демалыс 7 шілдеге, яғни жұмаға ауыстырылады. Сондықтан 1 шілде жұмыс күні болады. Ал Астана күнінде қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.
Айта кетсек, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы арнайы қаулы қабылдаған болатын.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды