$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында 7 заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды

Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді

Түркістан облысында 7 заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында 7 заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ІІМ департаментімен бірлесе атқарған жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыағаш қаласында «Bingo37», «Keno», «Fortuna» және басқа да форматтағы компьютерлік ойындар қызметтерін ұсынған 6 ойын нүктесінің заңсыз қызметі тоқтатылды. Жедел уәкілдер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың бірі болған жергілікті тұрғынды ұстады.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Түркістан қаласында да заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер мен Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері бірлесіп, қалалық автовокзалдардың бірінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған ер адамды ұстады.

Қазіргі уақытта осы факті ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-бөлігі «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Серіктес жаңалықтары