$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматының хайуанаттар бағында 18 жылдан бері бірінші рет сусиыр дүниеге келді

Қазір ол анасымен бірге қоршауда

Алматының хайуанаттар бағында 18 жылдан бері бірінші рет сусиыр дүниеге келді
Фото: Azattyq Ruhy / Марат Қалдыбаев

Алматының хайуанаттар бағында 18 жылдан бері бірінші рет сусиыр дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

Салмағы 38 келі, ал бойы 50 сантиметр боп туған төлдің жағдайы жақсы. Қазір ол анасымен бірге қоршауда. Ал зообақ қызметкерлері кішкентай сусиырға ат қою үшін тұрғындардың ұсынысын күтеміз дейді.

«Жағдайы өте жақсы, анасының қасынан бір елі ажырамай, жанында жүреді. Ол шөп жейді және де жабайы табиғатта өзінің мекен ететін ортасында судың жағалауындағы шөптермен қоректенеді. Ал туылған төл, кішкентай баласы ол сүт қоректі, сүтпен қоректенеді», – дейді хайуанаттар бағының ғылыми қызметкері Жансая Ахметкәрімова.

Қоса кетейік, қазір Алматы зообағы «Африка саваннасы» кешенінің құжатын әзірлеп жатыр. Жобалық сметаға сәйкес, ол жерде сусиырлар мен пілдер, керіктер және антилопалар тұрады. Ал құрылыс келесі жылы басталмақ.

Серіктес жаңалықтары