$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әйтенов Шымкент қаласына қанша инвестиция тартылғанын айтты

Бюджет көлемі 146 млрд теңгеден 613 млрд теңгеге жеткен

Әйтенов Шымкент қаласына қанша инвестиция тартылғанын айтты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың дамуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд теңгеден 937 млрд теңгеге жетті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті, сонымен қатар қалаға 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд теңгеден 613 млрд теңгеге жетті. Биылғы жұмысқа тоқталар болсам, макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім динамикасы бар», - деді ол.

Әйтенов атағандай, осы жылдың 5 айында инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқан.

«Ендігі кезекте қаланың стратегиялық дамуына көп мән беруіміз қажет. Бірінші кезекте – қаланың бас жоспарын демографиялық өсім қарқынына байланысты қайта қарап, жаңадан әзірледік. Екіншіден, қаланың 5 жылдық даму жоспарын қайта қарап, бүгінде алдымызда тұрған басым салаларды белгілеп алдық», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары