$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында 150-ге жуық ауылда газ жоқ

Биыл тек 9 ауылға ғана көгілдір отын тартылады

Алматы облысында 150-ге жуық ауылда газ жоқ
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында 150-ге жуық ауылда көгілдір отын жоқ. Биыл тек 9 ауылға ғана көгілдір отын тартылады. Сонымен қатар ауыз су тарту жобаларына да баса мән беріледі. Ауыз сумен қамтамасыз етуге 27 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

 Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев, басты міндетіміз - сумен қамтамасыз ету, деді.

«Қазір халықты ауыз сумен қамтудағы көрсеткіш 92,7%-ды құрап отыр. Биыл 62 жобаны іске асыруға 27,8 млрд. теңге қарастырылған. Жыл соңына қарай сумен қамтамасыз ету деңгейі 93,5% жетеді», - деді Марат Сұлтанғазиев. 

Аталған саладан басқа, облыс басшысы газдандыру мен жолды жасау секілді инфрақұрылымдық салаларды дамыту өзекті мәселе екенін айтты.

«Бүгінгі таңда газдандыруға жататын 294 елдімекеннің 147-сі газдандырылды. Көгілдір отынға облыстың 1 млн 114 мың тұрғыны қосылған. Биыл тағы 9 елдімекенді қосқанда көрсеткіш 69,4%-ға жетеді», - деді әкім.

Аймақ басшысының сөзінше, жылдан жылға жолдардың сапасы жақсарып келеді. 2022 жылы барлығы 731 шақырым жол жөнделді. Биыл жол инфрақұрылымын жақсартуға 48,5 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі 91%-ға жетеді деп жоспарланып отыр

Серіктес жаңалықтары