Шілде айынан бастап Қазақстаннан Пәкістанға тікелей әуе рейсі ашылады
Аталған рейс аптасына екі рет орындалады

«SCAT» әуекомпаниясы Алматы - Лахор бағыты бойынша тікелей ұшады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиациялық билігімен бірлесіп және ҚР Пәкістандағы Пәкістандағы Елшілігінің қолдауымен «SCAT» әуекомпаниясының Пәкістанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.
«2023 жылғы 8 шілдеден бастап «SCAT» әуекомпаниясы Воеіng 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Алматы – Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу елдер арасындағы сауда - экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.