11.06.2023, 14:17
Жаңалықтар
Қатты желден өрт ошақтарының қайта күшею қаупі бар – ТЖМ
Онымен күреске жеке құрам мен бүкіл техника жұмылдырылды
Фото: t.me/qr_tjm/5252
Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы орман өртімен күрес жұмыстары бойынша соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін тікұшақпен барлау нәтижесінде жағдайдың тұрақталғанын көрдік. Бірақ екі елдімекенде өрттің жаңа ошағы анықталды. Онымен күреске жеке құрам мен бүкіл техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, тікұшақпен су шашу жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылып жатыр», - дейді ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.
Оның айтуынша, кеше және алдыңғы күнге қарағанда жел күшейіп кетті.
«Қатты желден баяу жанып жатқан өрт ошақтарынның қайта күшею қаупі бар. Бар күш жұмылдырылып жатыр, жағдай бақылауда», - дейді ТЖМ өкілі
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты