Медициналық-криминалистикалық зерттеулердің негізгі аспектілері қандай
Сараптама нәтижесі толық және объективті болу үшін нормативті құқық және құқықтық актілер нақты жағдай бойынша пайдаланып қолданылады
Медициналық-криминалистік зерттеулердің мақсаты фактілерді анықтау және бағалау болып табылады, онда жалпы сот медицина саласындағы білімнен басқа, криминалистік сәйкестендіру саласындағы арнайы ғылыми танымдарды және арнайы зертханалық зерттеу (физикалық, фотографиялық, техникалық, химиялық, математикалық) әдістерін қолдануды қажет етеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сот-медициналық зертханалардың медиктік-криминалистік бөлімшелерінде мына төмендегі сот-медициналық зерттеулер жүргізіледі:
- трасологиялық;
- баллистикалық;
- жеке адамды теңдестіру;
- микрологиялық (микрообъектілер мен заттар іздерінің сараптамалары);
- оқиғаларды қайта қалпына келтіру (ситуациялық сараптамалар).
«Сараптама жүргізу барысында, сарапшы ұсынылған барлық деректерді, зерттеп, қосымша құжаттарды, тергеу және сараптама эксперименттері мәліметтерін жеткізу туралы талап-хат жібереді, оларды талдайды, фото- бейне- құжаттарын саралап-талдап, арнайы құрал-жабдықтарды және техниканы қолданады. Сараптама нәтижесі толық және объективті болу үшін, сарапшы бекітілген және қолданысқа енгізілген тәсілдер мен тәсілдемелерді, тақырыптық білімі, нормативті құқық және құқықтық актілерді нақты жағдай бойынша пайдаланып-қолданады», - делінген хабарламада.
Анықтама: Трасологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде келесі сұрақтар шешіледі: іздердің түрін, пайда болу механизмі мен шарттарын анықтау; жарақат құралының қасиеттерін және оны теңдестіруді анықтау.
Баллистикалық зерттеулерді жүргізу кезінде: атыс қаруы снарядының зақымдау фактісі, жарылғыш құрылғылардың зақымдау факторлары анықталады; зақымдардың саны мен атылыстардың жүйелігі анықталады; кіру және шығу зақымдарынының оқшаулауы анықталады;
Жеке адамды теңдестіру сараптамасы кезінде адам сүйектерінің түрлік қатыстылығын, олар тиесілі болған мәйіттер санын, олардың нәсілдік, жыныстық қатыстылығын, жасын, өмір сүргендегі бойын және дененің басқа да өлшемдерін, оның құрылымының ерекшеліктерін, болған ауруларының белгілері барын, дене зақымдарын, олардың сипаты мен ескілігін, ауызша портретінің белгілерін және беймәлім сүйектердің жеке басын анықтау үшін қажетті басқа да жеке ерекшеліктерін анықтайды.
Микрологиялық зерттеулер кезінде киімде, мәйіт денесінде, зақымдарда және дене тіндерінде бөтен микрообъектілердің болуы, заттар мен микрообъектілердің жарақат құралынан киімге және керісінше өту (ену) фактісі анықталады.
Оқиғаны қайта құру сараптамасы кезінде сарапшының міндеті дене зақымдарын келтіру және алу барысының динамикасы туралы оқиғаға қатысушылардың түсініктерінің тергеу және сарапшылық жолмен алынған объективтік деректерге сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтауға саяды.