ШҚО-да шағын аудандар санының артуына байланысты кітапханалардың қажеттілігі туындауда
ШҚО Глубокое ауданының Белоусовка ауылында 2025 жылы мәдениет үйін салынатын болады
«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жиынға кеңес мүшелерімен шақырылғандар қатысты. Отырыс барысында Шығыс Қазақстан облысында айтыс өнерін дамыту және «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасы аясында ауылдарда мәдениет нысандарды салу мәселелері қаралды.
«Облысымыpда айтыс өнерінің жолы ашылып айтыскерлерге көңіл бөлінуде деп айта алмаймын. Айтыс халқымыздың киелі сөз өнерінің бір түрі. Келешек ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізу бізге жүктелген міндет. Сондықтан да осы тұста айтыскерлермен айтыс өнеріне мәдениет басқармасы назар аударса екен»,- деді кеңес мүшесі, белгілі айтыскер ақын Серік Қуанған.
«AMANAT» партиясы төл өнерді әрдайым қолдайды. Өткен жылы партияның қолдауымен дәстүрлі «Алтын домбыра» ақындар айтысынан бөлек «Бабалар аманаты» айтысын өткізген болатын.
«2023 жылы Глубокое ауданында өтетін Қазақстан Республикасы күні аясында республикалық және Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында айтыс ақыны Серік Шөкеновты еске алуға арналған облыстық ақындар айтысы өткізу жоспарлануда»,- деді ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Касенов.
«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылы Глубокое ауданының Белоусовка ауылында мәдениет үйін салынатын болады.
«Қаламызда шағын аудандар санының артуына байланысты кітапханалар қажеттілігі туындауда. Мысалы қаладағы 19- шағын ауданында бірде-бір мәдени нысан жоқ. Балалар бос уақында аулада ойнаумен өткізуге мәжбүр. Жастар кітап оқымайды деген қасаң үстанымнан арылу қажет. Қайта сол баларды кітап оқуға өзгеде үйірмелерге таруға жұмыс жасасақ»,- деді Кеңес мүшесі Мерей Қайнарұлы.