ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 678 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда коронавирусқа байланысты 600-ден астам іс-шара тоқтатылды

Сондай-ақ қалада барлық кинотеатрлар, хайуанаттар бағы, мұражайлар, кітапханалар жұмысын тоқтатты

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда коронавирусқа байланысты 600-ден астам іс-шара тоқтатылды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі.

«ҚР коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шараларын күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ел аумағында, оның ішінде Алматы қаласында бұрын жоспарланған іс-шараларды ауыстыру немесе тоқтату туралы шешім қабылданды. 

«Алматы қаласының мәдениет басқармасы келесі шектеулерді енгізуде: 2020 жылдың 13 наурызынан бастап Алматы қаласының аумағында барлық бұқаралық мәдени іс-шараларды, конференция, семинарлар, көрмелерді өткізуге уақытша тыйым салу енгізілсін; халықаралық мәдени іс-шараларға бару мақсатында 1 А, 1 Б, 2 және 3 санаттағы елдерге шығуға шектеу қойылсын. Сонымен қатар, Алматы қаласының мәдениет басқармасы шаһардың барлық тиісті ұйымдары мен мәдениет мекемелеріне қажетті құралдармен: санитайзерлер, антисептиктер және коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі жадынамалармен қамтамасыз ету бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту жөнінде ұсыныстар берілді», - деп жазылған хабарламада.

Мәдениет басқармасы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына 40-тан астам іс-шара жоспарлаған. Оның ішінде, бүгінгі таңда 14-і тоқтатылса, қалған 26 шара ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды. 

Алматы қаласы бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес мониторинг жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша наурыз-сәуір айларында мәдени-ойын-сауық ұйымдары бойынша 211, ал театрларда 383 іс-шараға шектеу қойылды. Қала бойынша барлығы 608 іс-шара тоқтатылды. 

Сондай-ақ, бүгінде қалада барлық кинотеатрлар, хайуанаттар бағы, мұражайлар, кітапханалар жұмысын тоқтатты.