29.05.2023, 16:44
Жаңалықтар
Түркістан облысының тұрғыны қошқар көтеру бойынша рекорд орнатты
Ол 40 келі қошқарды 3 555 рет көтерді
Арыс қаласының тумасы Азамат Мақұлбеков қошқар көтеру бойынша жаңа рекорд орнатты және ресми түрде Қазақстанның рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 40 келі қошқарды бес сағат 26 минутта 3555 рет көтерген.
37 жастағы Азамат Нұрғалиұлы құрылыс саласында жұмыс істейді, спорттың бірнеше түрімен айналысады.
Спортшының айтуынша, бұл жарыста Қазақстан бойынша соңғы рекорд Алматыда тіркелді. Ол кездегі жеңімпаз қошқарды 2019 рет көтерген.
Бұл рекордты жаңартқан кейіпкер әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр.
Ол жануарды бес мың рет көтеріп, Гиннестің халықаралық деңгейдегі рекордтар кітабына енгізуді көздейді.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)