$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайда қазақтың жерін жалға беру туралы хабарлама - фейк

Хабарлама қыйтайлық сатылым сайтында жарияланған

Қытайда қазақтың жерін жалға беру туралы хабарлама - фейк
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қытайда қазақтың жерін жалға беру туралы хабарлама жалған. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров дәстүрлі брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіде Қытайда жер телімдерін саудалау сайттарында Қазақстандағы ауыл шаруалығына қатысты аумақтардың жалға берілетіні туралы ақпарат тараған еді.

«Бұл ақпарат Қытай тарапына жеткізілді. Біздің Бейжіңдегі елші сол елдің Сыртқы істер министрлігіне жеткізді. Біз де осындағы Қытай елшілігіне жеткіздік. Хабарлама olx сияқты сайтта шыққан. Ол модерациядан қалай өткенін білмедім. Қытай тарапы оны тексеріп, болашақта ондайды болдырмауға келісім берді. Бұл - фейк. Себебі біз оларға хабарласып көрдік. Телефонды ешкім алмайды. Бұл провокация да болуы мүмкін», - деді Смадияров.

Ол атағандай, АШМ жер туралы түсінік берді.

«Конституция бойынша жер сатылмайды және жалға да берілмейді. Сондықтан алаңдауға себеп жоқ», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары