$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күніне мың азамат вакцина алады – Есмағамбетова

Елімізде вакцинаның екі түрі егіліп жатыр

Күніне мың азамат вакцина алады – Есмағамбетова
Фото ашық дереккөзден

Күніне мың азамат вакцина алады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Күн сайын індеттің 30 жағдайы тіркеледі. Бізде қазір ковидке жеке бақылау жүргізілмейді. Қалған инфекциялар сияқты аптасына бір рет, кейін айына бір рет тексеруге көшеміз. Вакцина және ревакцинация әлі де жалғасып жатыр. Қазір америкалық Pfizer және қытайлық Sinopharm вакцинасы бар», - деді ол.

Есмағамбетованың айтуынша, халық әлі де вакцина алып жатыр.

«Күніне орташа есеппен 1000 азамат вакцина немесе ревакцинация жасап жатыр. Бүгін егіліп жатқан Pfizer вакцинасы жаңартылған. Қазақстандық вакцинаға сұранысқа қарай тапсырыс береміз. Бұл маусымда ол жоспарланбаған», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары