$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жезқазғанда қаржы пирамидасын ұйымдастырған тұрғындар анықталды

Олар 600-ден астам адам мен 124 млн теңге қаржы тартқан

Жезқазғанда қаржы пирамидасын ұйымдастырған тұрғындар анықталды
Фото: sputnik.kz

Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, олар 600-ден астам адам және 124 миллион теңгеден астам қаражатты тартқан.

«Аталған тұлғаларды прокуратураның үйлестіруімен ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Агенттіктің талдау бөлімшелерімен өзара әрекеттесу арқылы анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.  

Серіктес жаңалықтары