$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада бірнеше көше жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Бұл көше бөліктерінде қозғалыс 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі

Астанада бірнеше көше жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады
Фото ашық дереккөзден

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы үш көшеде жөндеу жүргізуде. Осыған байланысты жол учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

«Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектеледі.

Сондай-ақ Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.

Сол сияқты Бекетай көшесінде Тілендиев даңғылынан А. Затаевич көшесіне дейін орташа жөндеу жұмысы басталды», - делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған учаскелерде көлік құралдарына арналған қозғалыс 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Серіктес жаңалықтары