$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде диагностика қолжетімділігі жеті есеге артты – Сұлтанғазиев

Оған зертханалық талдаулар да кіреді

Елімізде диагностика қолжетімділігі жеті есеге артты – Сұлтанғазиев
© Sputnik / Тимур Батыршин

Қазақстанда диагностиканың қолжетімділігі жеті есеге артты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«2019 жылы 20 миллионға жуық бейінді мамандардың консультациясы мен диагностикалық зерттеулері жүргізілді. Былтыр бұл цифр 142 миллионға дейін өсті, бұл 7 есеге көп көрсеткіш. Бұл ретте дәрігерлер қабылдауының, зертханалық талдау және аспаптық диагностика жүргізудің 7 есеге өскенін көрсетеді. Мысалы, стоматологияны алсақ, 2019 жылы 3 миллионға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілді, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 13 миллионға дейін, яғни шамамен 5 есеге өсті. Бұл стоматологиялық көмектің адамдарға қолжетімді болғанын көрсетеді», - деді Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар ол елдегі 11 млн бала тісін тегін емдетті деп отыр.

«Қазіргі кезде балаларымыз тісін тегін емдей алды, оларға 11 млн қызмет көрсетілді. Ересек тұрғындарға, оның ішінде, жүкті әйелдерге, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін стоматологиялық қызметтер шамамен 28 есеге немесе 50 мыңнан 1,5 млн-ға өсті», - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары