$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Ауғанстандағы жағдай аймақ елдерінің тұрақтылығы үшін қауіпті екенін айтты

Ол елдегі гуманитарлық дағдарыстың алдын алу керек екеніне тоқталды

Тоқаев Ауғанстандағы жағдай аймақ елдерінің тұрақтылығы үшін қауіпті екенін айтты
Фото: Ақорда

«Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ауғанстанға келетін болсақ, біз аймақ елдері үшін қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнген қатерлердің бірі әлі де сол елдегі жағдай деп санаймыз. Бұл елдегі гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін қолдауды жалғастыру маңызды», - деді ол.

Мемлекет басшысы тура бір ай бұрын Қазақстан Ауғанстан тарапына тағы бір көмек пакеті түрінде азық-түлік өнімдерін жөнелткенін атап өтті.

«БҰҰ аясында ауған халқына жан-жақты көмек көрсету қажет. Осы тұрғыда Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттарының өңірлік орталығын құру бастамасы өзекті болып табылады», - деді Қ. Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары