Қостанай облысында «Antares» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы сотталды
Пирамида ұйымдастыру фактісін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады
Қаржы пирамидасының салдарынан 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірілді, деп хабарлайды Azattya Ruhy ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2021 жылы сотталушы «Antares» қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін басқарғаны және адамдар алдын ала сөз байласу бойынша азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға тартқаны, күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратты.
«Бұл әрекеттермен 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірілді. Сот сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Сот сотталушының 3 жас баласының болуы мен жүктілігін есепке ала отырып, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.