17.05.2023, 07:51
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды
ЖКО фактісіне қатысты тергеу басталды
polisia.kz
Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
16 мамыр күні Самара-Шымкент автожолының 824-шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti автокөліктері соқтығысқан. Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты.
Сондай-ақ, Chevrolet автокөлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.
ЖКО фактісіне қатысты тергеу басталды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті