$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысындағы Торыш шатқалы мемлекет қорғауына алынуы мүмкін

Бұл кезінде Тэтис мұхитының табаны болған табиғи орын

Маңғыстау облысындағы Торыш шатқалы мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысындағы Торыш шатқалы мемлекет қорғауына алынуы мүмкін. Қазір аймақ әкімдігі жоспар жасақтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 Оған туристік орындардың техникалық-экономикалық негіздемелері енгізілмек. Құжат дайын болғасын экология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданады. Саяхаттаушылар жиі  баратын тарихи аумақты ЮНЕСКО құрамына өткізуге 2017 жылы өтінім берілген. Алайда халықаралық ұйым тарапынан қолдау таппады. Соңғы кезде шатқалдан әлдекімдердің тас ұрлап жүргені жайлы айтқан болатынбыз. Бұл кезінде Тэтис мұхитының табаны болған табиғи орын. Ал диаметрі 4 метрге дейін баратын шар пішіндес тастарды ұрлайтындар бизнес нысандар мен қонақүйлердің алдын безендіру үшін алады екен. 

 «Торыш шатқалы қазір ерекше қорғалатын табиғи аумағына жатпайды. Сондықтан табиғи ескерткіштерді түгендеп, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жасақталғаннан кейін арнайы құжаттары, сонан кейін барып мемлекеттік табиғи ескерткіш ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіргізілетін болады», - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев.

Серіктес жаңалықтары