$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе рейстері ұшуы мүмкін

Қазіргі кезде тікелей әуе қатынасын ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр

Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе рейстері ұшуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша келіссөздер жүргізілді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту шеңберінде Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Осылайша, Қазақстан мен Сингапурдың авиациялық билік органдары бейнеконференциялық байланыс арқылы келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында қазақстандық тарап тікелей рейстерге қызығушылық танытып, Сингапурлық әуе компанияларға Қазақстандағы «ашық аспан» режимін, оның ішінде әуе еркіндігінің «бесінші дәрежесі» құқығын пайдалануды ұсынды. Сингапурлық тарап «ашық аспан» режимін құптап, бұл ұсыныс сингапурлық әуе компаниялармен пысықталатынын хабарлады», - делінген хабарламада.

Тараптар 2023 жылғы шілдеде сингапурлық әуе компаниялар мен «Сингапур-Чанги әуежайының» қатысуымен өтетін кездесу шеңберінде әуе қатынасын ашу мәселелерін талқылауды жалғастыруға келісті.

Бұл ретте Сингапур тарапы Сингапурдың Азаматтық авиация академиясында оқудан өту мүмкіндігі туралы хабарлады.  

Серіктес жаңалықтары