$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда ер адам өз туған күнінде көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған

Полицейлер оны құтқарып қалды

Екібастұзда ер адам өз туған күнінде көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған
Фото ашық дереккөзден

Екібастұздық полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 мамырда сағат 13.40 шамасынды ПБ кезекші бөліміне Торайғыров көшесінде орналасқан 5 қабатты үйдің төбесінен ер адам секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторлары Нұрсұлтан Серікбаев пен Мәулет Қарыбаев келіп, шатырдың бір шетінде тұрған ер адамды көрді, ал ол: «Маған жақындамаңдар! Әйтпесе мен қазір секіремін!»,-деген.

«Төбеге көтеріліп, ер адаммен сөйлесе бастадым. Оның назарын аудару үшін сұрақтар қойдым. Ол бүгін оның туған күні екенін және оны ренжіткенін айтты. Мен оған соған бола секірмей-ақ, екеуміз бірге осы мәселені шешейік дедім», - дейді Нұрсұлтан Серікбаев.

Осы кезде учаскелік полицей оны өзіне тартып, бірінші баспалдақпен түсіре бастады. Төменде жедел медициналық көмек күтіп тұрды.

28 жастағы ер адам дәрігерлерге тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары