Астанада 100 млн теңге мен бір құйма алтынды елден заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады
Сәуір айының басынан бері «Әуежай Астана» кеден бекетінде 100 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қаржыны, сондай-ақ бір құйма тазартылған алтынды әкету фактілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Астананың мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Астана-Анталия рейсінің жолаушысынан кедендік бақылаудан өткен кезде декларацияланбаған 118 392 АҚШ доллары, 28 750 рубль, 92 885 еуро көлеміндегі қолма-қол ақша табылған.
«МКД жеке тұлғаларға Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге және тазартылған алтынды әкетуге тыйым салынғанын еске салады» - делінген хабарламада.
Бұл ретте мұндай заңбұзушылықтар анықталған жағдайда еліміздің заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.