$ 518.34  591.06  6.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Антикор Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты мән-жайды түсіндірді

«Атамекеннің» бұрынғы басшысы 30 млн доллар парамен ұсталған болатын

Антикор Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты мән-жайды түсіндірді
Фото: tengrinews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«10 мамырда Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстады. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктеледі. Күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген Антикор хабарламасында.

Ведомство қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде.

Тақырыпқа орай: «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов 30 млн доллар парамен ұсталды

«Сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілері туралы Антикоррупциялық қызметке және Call-орталыққа 1424 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз. Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп атап өтті Антикоррупциялық қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Серіктес жаңалықтары