$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бас көлік прокуратурасы теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеп отыр

Бүгінгі таңда теміржол билеттерін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды

Бас көлік прокуратурасы теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеп отыр
Фото: tengrinews.kz

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау шеңберінде көлік саласындағы уәкілетті органның «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығын (бұдан әрі - Әдістеме) зерделеді.

Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды, бұл іс жүзінде жол жүру құжат бағасының қымбаттауына мүмкіндік берген.

Осы нормативтік актіге биылғы 21 ақпанда Бас көлік прокуратурасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне наразылық келтірді, ол толық көлемде қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, онда бүгінгі таңда теміржол билеттерін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды, осы норманы алып тастау туралы бұйрықтың жобасы уәкілетті органдармен келісілу сатысында екені айтылған.

Прокуратура бастамашылығымен енгізілген түзетулер жолаушыларға пойыздарда жүру құнын едәуір төмендетуге және билеттердің шекті бағасын белгілеуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары