06.05.2023, 07:19
Жаңалықтар
Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты
Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Polisia.kz
Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, тағы 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
5 мамыр күні сағат 20:10 шамасында республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 64 шақырым тұсында жол апаты болғаны жөнінде хабар түсті.
Toyota автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жол жиегіне аударылған.
Оқиға салдарынан 4 адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, көлік жүргізушісі мен 1962 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
