$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сербияда 7-сынып оқушысы мектепте атыс жасап, кем дегенде бір адам қаза тапты

14 жастағы жасөспірім мектепке қару әкеліп, қанды қырғын салған

Сербияда 7-сынып оқушысы мектепте атыс жасап, кем дегенде бір адам қаза тапты

Сербияда жетінші сынып оқушысы мектепте атыс ұйымдастырып, соның салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жергілікті «Вечерние новости» порталының хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 08.40-та Белград қаласының Врачар ауданындағы мектепте 14 жастағы жасөспірім мектепке қару әкеліп, қанды қырғын салған.  

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бір күзетші қаза тапты, мұғалім мен бірнеше оқушы жарақат алды», - делінген хабарламада.

Алайда басылым құрбандар саны кем дегенде 9 адамға жетті деген ақпарат таратты. Қазірше құрбандардың нақты санына қатысты ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Татарстан мектебінде 9 адамды атып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

Күдікті жылдам қолға түскен. Оның әкесінің қаруынан оқ атқаны белгілі болды. Сабағын үздік оқитын оқушының мұндай қылмысқа баруына не түрткі болғаны белгісіз, кейбір мәліметтер бойынша ол есірткінің әсерінде болған.

Серіктес жаңалықтары