03.05.2023, 13:58
Жаңалықтар
Астана мен Душанбе арасында тікелей рейс ұшуы мүмкін
Бұл туралы бүгін елордада өткен қазақ-тәжік бизнес форумында белгілі болды
Фото ашық дереккөзден
Астана мен Душанбе арасындағы әуе қатынасы қайта жандануы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан-Тәжікстан бизнес форумында Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиезода мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін бизнес форумда үкіметаралық комиссия Душанбе мен Астана арасында әуе қатынасы қайта жанданатыны жайлы айтты. Меніңше, бұл мәселе шешіледі», - деді Сулаймон Зиезода форум аясында журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, бүгін Қазақстан астанасында өтіп жатқан қазақ-тәжік бизнес форумы кезінде жалпы құны 2 млрд доллар болатын келісімшарттарға қол қойылмақ.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)