$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыстағы үш өңірде бір айда заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық тәркіленді

Оның ішінде 495,85 келі бекіре тұқымдас бағалы балық бар

Батыстағы үш өңірде бір айда заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық тәркіленді
Фото ашық дереккөзден

Еліміздің батысындағы үш өңірде бір айда заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық тәркіленді. Оның ішінде 495,85 келі бекіре тұқымдас бағалы балық бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының өкілі Олег Тушкановтың мәліметіне сүйенсек, акция басталғаннан бері 432 құқық бұзушылық анықталған. Осыған байланысты 319 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

«Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында 1 сәуірден бері «Бекіре – 2023» балық қорғау акциясы өтіп жатыр. Мәселен, 1-27 сәуір аралығында балық қорғау заңдылығын бұзушыларға жалпы сомасы 5,8 млн теңгенің айыппұлы салынды. Заңсыз айналымнан 4 тонна 370 келі балық алынды. Оның ішінде 495,85 келі бекіре тұқымдас балық түрлері, 28 келі бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы бар. Құқық бұзушылардан 158 балық аулау құралы, 33 су көлігі және 11 автомашина тәркіленді», - деп хабарлады Олег Тушканов.

Оның айтуынша, күн сайын Жайық өзенінің сағасы мен Каспий теңізінің акваториясы тексеріледі. Соның нәтижесінде жалпы ұзындығы 30 шақырымнан асатын 330 заңсыз балық аулау құралдары алынған.

Серіктес жаңалықтары