$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Орал қаласының тұрғыны құны 59 млн теңге тұратын темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан

Сот оған бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады

Орал қаласының тұрғыны құны 59 млн теңге тұратын темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан
Фото ашық дереккөзден

Орал қаласының тұрғыны құны 59 млн теңге тұратын темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан. Бұл туралы БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, аталмыш тұрғын Алматыдан контрабандалық темекі өнімдерін тасымалдап, қала базарларындағы бөлшек сауда орындары арқылы сатқан.

«Тұрғыннан 100 мыңға жуық қорап темекі табылды. Ол қомақты көлемде акцизделетін тауарларды сақтау, тасымалдау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрімен айналысқан. Заңсыз темекі өнімдерінің жалпы саны 93 мың қораптан асып, құны 59 млн теңгені құрады. Аталған дерек негізінде БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді. Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, оған бір жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, заттай айғақтар одан әрі шаралар қабылдау үшін сот орындаушыларына жіберілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары