$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Францияда жұмысшылар мерекесі жүзден астам полицияның жарақат алуымен аяқталды

Шеруге шыққан 291 адам қамауға алынды

Францияда жұмысшылар мерекесі жүзден астам полицияның жарақат алуымен аяқталды
Фото: Twitter/@protest_global

Францияда Жұмысшылардың ынтымақтастығы күні президент Эммануэль Макрон бекіткен зейнетақы реформасына қарсы жаппай шерумен атап өтілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Көптеген қалада, оның ішінде Парижде шеру соңы көзден жас ағызатын газ қолданған полициямен қақтығысқа ұласты.

Еуроньюс хабарлауынша, барлығы 108 полицей жараланып, 291 адам қамауға алынды. Тәртіп сақшыларының бірінің беті-қолын ауыр күйік шалды – оған Молотов коктейлі лақтырылған.

Билік бұл бұлікке белсенділері қара киім киген «қара отрядтар», радикалды солшыл топтар кінәлі деп отыр.

«Полиция шеруді тарату үшін ел астанасында ғана емес, Лион, Нант, Тулуза және Ренн қалаларында да жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды. Аталған қалаларда автобус аялдамалары талқандалып, қоқыс жәшіктері мен көліктер өртенген. Марсельде демонстранттар ескі порттың жанында орналасқан қонақүйді басып алды», - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, ел бойынша өткен шеруге 720 мыңға жуық адам қатысқанын мәлімдесе, кәсіподақтар 2 миллионға жуық демонстрант болғанын айтады.  

Серіктес жаңалықтары