$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қауіпті тәсіл қолданған: танымал спортшы жеті жастағы баланы өлтірді

Еуропа ойындарының қола жүлдегерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қауіпті тәсіл қолданған: танымал спортшы жеті жастағы баланы өлтірді
Фото: news.ru

Әзербайжанда самбо жаттықтырушысы шәкіртін өлтіріп алды. Қайғылы оқиға Сұмғайыт қаласындағы спорт мектебінде болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Caliber.az хабарлауынша, Еуропа ойындарының қола жүлдегері Мехман Халилов дзюдо мен самбодан өткізген жаттығуы кезінде Фарид Бакаров есімді бала (2016 жылы туған) ауыр жарақат алған.

Қалалық прокуратура өкілдері хабарлағандай, М.Халилов кәмелетке толмаған тұлғаға қарсы қауіпті тәсіл қолданып, соның салдарынан баланың мойын омыртқасы үзіліп кеткен.

«Жеткіншек дереу қалалық балалар ауруханасына жеткізілгенімен, артынша қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Сұмғайыт қалалық прокуратурасы Әзірбайжан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126.3-бабы (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ретінде М.Халилов (1994 ж.т.) ұсталды.

Айта кетейік, М.Халилов 2019 жылы Минскіде өткен ІІ Еуропа ойындарында самбо күресінен қола жүлдегер атанған болатын. Басқа да жергілікті және халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп келген.

Серіктес жаңалықтары