Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Дархан Құрақбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Дархан Құрақбаев 1983 жылы туған.
2000 – 2004 ж.ж. – Қаржы полициясы академиясының тыңдаушысы (курсанты).
2004 – 2006 ж.ж. – Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) Есіл аумағы бойынша Ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің анықтаушысы, тергеушісі.
2006 – 2008 ж.ж. – Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) тергеу басқармасының аға тергеушісі.
2008 – 2014 ж.ж. – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) тергеушісі, аға тергеушісі, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі.
2014 – 2017 ж.ж. – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер бойынша тергеушісі, тергеу басқармасы басшысының орынбасары.
2017 – 2021 ж.ж. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (тергеу жұмысы бойынша).
2021 – 2022 ж.ж. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Арнайы департаментінің басшысы.
2022 жылғы 11 қазаннан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы.