«ҚазТрансОйл» Қазақстан арқылы мұнай экспортына және транзитке тасымалдау тарифтерін көтерді
Тарифтер мұнайды құю түріне қарай әртүрлі
1 мамырдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай экспортына және Қазақстан арқылы транзит тарифтерін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Т.Қасымова атындағы стансада темір жол цистерналарына мұнай құю тарифі 1 мамырдан бастап 1 тоннасы 1213,20 теңгені құрайды (бұрын тариф 409,57 теңге болатын).
Т.Қасымов атындағы стансада Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесіне мұнайды жылытусыз құю – 1 тоннаға 263,49 теңгені болады (бұрын 122,91 теңге).
Ал КҚК жүйесіне мұнайды жылыту арқылы құю – 1 тоннаға 320,09 теңгеге теңеспек (бұрын 128,43 теңге).
«Мақат» мұнай айдау станциясында «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу тарифі 1 тоннаға 2 283,27 теңге (бұрын 1 118,10 теңге) болып белгіленді. Ал «Кеңқияқ» бас мұнай айдау стансасында мұнайды ауыстырып тиеу – 1 тоннаға 337,5 теңге (бұрын 89,15 теңге).
Шманова Н.Н. атындағы стансада мұнайды ауыстырып, тиеу бір бағыттағы операторлық қызметтің тарифі 1 тоннаға 84,47 теңге (41,45 теңге), Қазақстаннан тысқары жерлерге экспорттау мақсатында «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырына 1 тоннасына 1000 теңгеге жоғарыламақ (бұрын 500 теңге болатын).
Барлық тариф қосылған құн салығынсыз көрсетілген.