Әуе арқылы жүк тасымалдайтын ірі компания Қазақстанға қатынай бастады

Azattyq Rýhy

Болашақта Люксембургтен Қытай, Жапония және Тайвань қалаларына аптасына 10-нан астам рейс жоспарланған

Әуе арқылы жүк тасымалдайтын ірі компания Қазақстанға қатынай бастады
t.me/nqzairport

Жүк әуе тасымалдарының әлемдік нарығының үздігі Cargolux Астана әуежайымен ынтымақтастықты бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгін Сargolux жүк әуекомпаниясы өзінің алғашқы рейсін орындады.

Болашақта Люксембургтен Қытай, Жапония және Тайвань қалаларына аптасына 10-нан астам рейс жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ұзақ уақыт бойы тұрақты жүк рейстері болмады, Сargolux әуе компаниясы жаңа мүмкіндіктерді қарастырып, Еуропа мен Қазақстан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы жүк ағынын дамыту үшін Астана қаласын таңдады.

«Елордалық әуежайдың географиялық орналасуы өте жақсы, сонымен қатар Қазақстандағы ең үздік инфрақұрылымы бар әуежай болып есептеледі. Әуежай 2020 жылы өз бизнесін әртараптандырды, жүк транзиттік әуе компанияларын тартудың ең жақсы шарттарын ойластырды, сондықтан әлемдегі ең тарихи және ең танымал тасымалдаушылардың бірімен серіктес бола алды. Қош келдің, Cargolux!», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.