Маңғыстауда пайдаланылмай жатқан 356 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Azattyq Rýhy

Сараптама қорытындысы бойынша облыста 973 мың гектар ауыл шаруашылығы жері анықталған

Маңғыстауда пайдаланылмай жатқан 356 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото ашық дереккөзден

2022 жылы Маңғыстауда пайдаланылмай жатқан 356 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды қадағалайтын жұмыс тобы құрылды. Алдын ала жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша облыста 973 мың гектар ауыл шаруашылығы жері анықталған. Оның 356 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылған», - делінген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер:

Түпқараған ауданы – 85,3 га

Мұнайлы ауданы – 26,09 га

Бейнеу ауданы – 33,8 га

Қарақия ауданы – 171,8 га

Маңғыстау облысы – 39,6 га

Жаңаөзен - 10 га.

Мониторинг нәтижесінде игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің басым бөлігі «Сенек» ЖШС (288 946 га), «Таушық» ЖШС (247 633 га) және «Қарағантүбекке» (212 192 га) тиесілі екені анықталды.

Мониторинг, тексеруден кейін «Сенек» ЖШС 168 946 гектар, «Таушық» ЖШС 70 мың гектар жерді өз еркімен мемлекетке қайтарды.

Сонымен қатар жоспардан тыс тексеру туралы хабарламадан кейін жерінің жалпы көлемі 67 787 га болатын 85 жер пайдаланушы қолда бар малын ИСЖ базасына тіркеді.

Бүкіл қайтарылған жер енді Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі бірлесіп әзірлеген геосервисте көрсетіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.