Талдықорған маңынан қару-жарақ жасырылған орын табылды
Қару-жарақ тәркіленіп, факт бойынша қылмыстық іс қозғалды
Талдықорған маңынан қару-жарақтар жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
29 сәуірде Жетісу облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері келіп түскен жедел ақпаратты тексеру барысында қала маңындағы саяжай алқаптарының бірінен қару-жарақ сақталған орынды анықтады.
«Бізжасырылған қару-жарақ арсеналын таптық. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды», - деді Жетісу облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бақармасының бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Қару-жарақ тәркіленіп, факт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық іс қозғалды.