12.04.2023, 20:14
Жаңалықтар
Ақтауда кәмелетке толмағандар сотталды
Олар балтамен, темір шынжырмен қаруланып, жәбірленушілерді соққыға жыққан
фото: ашық дереккөзден
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бірнеше жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сотталушылар өзара алдын ала келісімге отырып, елеусіз жанжалды сылтау етіп жәбірленушілердің денсаулығына зиян келтірген. Олар бірнеше рет балтамен, темір шынжырмен күш қолданып, балғамен ұрып, жәбірленушілерге әр түрлі дене жарақаттарын салған. Сонымен қатар кәмелетке толмаған сотталушылар екі жәбірленушінің ұялы телефондарын түрде ұрлаған.
Сот үкімімен кәмелетке толмағандардың екеуі 4 жыл 6 айға, қалған екеуі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады