$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

11 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын жауып, үсік жүреді

Бірқатар өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

11 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын жауып, үсік жүреді
фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша бірқатар өңірде күн райы бұзылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу облысының оңтүстік, орталық және таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігі, шығысына батыстан жел соғып, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Талдықорғанда нөсер жауын жауып, күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының тауларына жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Оңтүстік, батыс, таулы және тау баурайындағы аудандарда күн күркіреп, таулы аудандарда бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с болады. Түркістанда 11 сәуірде түннің алғашқы бөлігінде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстік, шығысына солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде күн күркіреуі мүмкін. Облыстың солтүстік-батысында түнде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Абай облысының оңтүстік-батысы, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел тұрып, солтүстік-батысқа ауысады деген болжам бар. Екпіні - 15-20 м/с. Семейде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

Күндіз Ұлытау облысының шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Жезқазғанда 1 солтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қарағанды облысының оңтүстігі, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Күндіз Павлодар облысының көп бөлігінде жылдамдығы 15-20 м/с солтүстік-батыстан жел тұрады. Павлодарда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысы, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Оралда 11 сәуірде түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүруі мүмкін.

Алматы облысының оңтүстік, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстік бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы облыстың оңтүстік бөлігінде 17-22 м/с жетеді, кей жерлерде 25 м/с болады. Алматыда кей жерлерде нөсер жауын, найзағай ойнауы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 15 м/с. Қонаевта кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы