$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
фото: akorda.kz

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттер басшылары АХҚО-дағы Халықаралық соттың жұмысымен танысты. «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының тіркеушісі және аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт Орталық Азиядағы ағылшын құқығы нормалары мен қағидаттарына негізделген ең алғашқы сот жүйесі туралы баяндады. Ол соттың АХҚО-дағы азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін ең үздік халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтінін жеткізді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Орталықтың Қаржылық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің, бизнесті дамыту жөніндегі тобының, «АХҚО-дағы венчурлық қаржыландыру және технологиялық инновацияларды дамыту туралы» Тех Хабының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар екі ел президенттеріне Экспат орталығының «АХҚО-да тіркелген компанияларды «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау қызметі» туралы мәлімет берілді. «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров мемлекеттер басшыларына АХҚО-ның жұмысы туралы баяндады.

Іс-шара соңында Әзербайжан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Серіктес жаңалықтары