$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақша есімім – Рауан»: желіде қазақ тілінде емін-еркін сөйлейтін америкалықтың видеосы тарады

Ол 20 жылдай уақыт Алматы қаласында тұрғандықтан, қазақ тілін үйреніп алған

Әлеуметтік желіде қазақ тілінде сұхбаттасып жүрген нигериялық пен америкалық азаматтың видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өзін Абдулкарим деп таныстырған азамат сауда орталығында қазақша сөйлейтін америкалықты көріп қалып, сөзге тартады. Америкалық азаматтың айтуынша, ол 20 жылдай уақыт Алматы қаласында тұрғандықтан, қазақ тілін үйреніп алған. Ол өзін қазақша Рауан деп таныстырады, ал шын есімі – Рональд екен.

Тіпті, олар бір-бірінен ру сұрасады. Видео авторы Абдулкарим өз руының қоңырат екенін айтады.

Желіде жарияланған видеожазбаға автор: «Қазақ тілінде сөйлейтін американдықпен танысыңыз, бұл мені соншалықты бақытты етеді және одан да көп махаббат тудырады», - деп жазады.

Серіктес жаңалықтары