Жыл басынан бері елімізде 9 мыңға жуық адам құтқарылды – ТЖМ басшысы
Жыл басынан бері екі мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді
Жыл басынан бері елімізде 9 мыңға жуық азамат пен бала құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің елорда тұрғындарымен есептік кездесу барысында белгілі болғандай, 2023 жылдың бірінші тоқсанында елімізде екі мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді, оның 7%-ға жуығы елордаға тиесілі.
«Азаматтарымыздың көмек туралы әрбір сигналына министрліктің бөлімшелері дереу ден қояды. Бірінші тоқсанда бір жарым миллионнан астам қоңырау түсті.
Министрліктің бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және өртті сөндіруге республика бойынша 13 мыңнан астам рет шықты, 9 мыңға жуық азамат пен бала құтқарылды және эвакуацияланды, зардап шеккендерге бір мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп министр.