$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте кеден қызметкерлері жүк ресімдеуді негізсіз 4 күнге созған

Заң жүзінде мұндай шешімді қабылдау мерзімі 8 сағаттан аспауы керек

Шымкентте кеден қызметкерлері жүк ресімдеуді негізсіз 4 күнге созған
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте кеден қызметкерлері жүк ресімдеуді негізсіз 4 күнге созған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарласқан кәсіпкер Өзбекстаннан алып келе жатқан жүкті кедендік ресімдеу кезінде кедергілерге кездескенін айтқан.

Кеден органдары 4 күн бойы электронды кедендік декларацияны келісу бойынша шешім қабылдамаған.

Ал мамандардың айтуынша, заң жүзінде мұндай шешімді қабылдау мерзімі 8 сағаттан аспауы керек.

«Шымкент қаласы бойынша Антикор қызметкерлері кеден бекетіне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде кәсіпкерге кедендік ресімдеуге келісім берілді. Жүк өтініш білдірген күні шекарадан өтті», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары